ЕЭК энергетиктері Жеңіс күніне орай жаңа науқан өткізді

ЕЭК энергетиктері Жеңіс күніне орай жаңа науқан өткізді

Жеңістің 78 жылдығына орай Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының энергетиктері дәстүрлі іс-шаралармен қатар жаңа науқандарды қолға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу электр станциясының ұжымы үшін кәсіпорын әкімшілігі мерекелік тақырыпқа сай өтетін бөлменің дәлізін безендірді. Ал энергетиктер кәсіподақ ұйымының мамандары соғыс жылдарындағы әуендерінің шырқаудан байқау ұйымдастырды.

Мереке таңы марапаттау рәсіміне ұласты. Биыл кәсіподақ ұйымы «Ұлы Отан соғысы суретінің тарихы» атты бейнероликтер науқанын ұйымдастырған. Қатысушылар өз ата-әжелерінің, еліміздің танымал батырларының суреттерін көрсетіп қана қоймай, Жеңіске қосқан үлесі жайлы баяндады. Ал кейбір энергетиктер өз қиялдарын науқан ережелерімен шектелмей, көркем фильміндегі бейнероликтерді түсірді. Олардың қатарында құрылыс-жөндеу цехының жасампаздары әрі жоба инженері Жанат Жангелді де бар. Науқан қатысушыларын марапаттауға «Павлодар облыстық электр жылуэнергетика жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Зеленова арнайы келді. 

Сіздерді ең маңызды мерекелеріміздің бірі – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Түсірілген бейнероликтерді көру отырып, көзімнен жас тамғанын байқамаппын. Жеңіс күні – қазақстандықтар үшін ортақ мереке. Әр отбасыдан соғысқа аттанған жауынгерлер болды. Бабамыздың ерлігін әркез еске сақтап, балаларымызға туысқанымыздың ерлігі туралы үнемі айтып жүруіміз керек, – деді ол. 

Энергетиктерді Ақсу электр станциясының операциялық директор - бас инженері Вадим Верещака және кәсіподақ комитетінің төрағасы Әділет Әбішев марапаттап, құнды сыйларды табыстады. 

Салтанатты жиынға станцияда қызмет ететін қойма шаруашылығы учаскесінің қоймашысы Наталья Поликарпова мен жылу автоматика цехының слесарі Борис Недугов арнайы қонақтар ретінде шақырылды. Наталья 80-жылдардың екінші жартысында Чернобыль АЭС орын алған апатының салдарын жоюға атсалысса, Борис Ауған соғысының ардагері. Іс-шараға қатысушылар екеуінің бейбіт өмірге бағытталған іс-әрекеттерін жоғары бағалады, ал кәсіподақ комитеті оларға арнайы дайындалған сыйларды табыс етті.

Жоғарыда аталған іс-шарамен шектелмей, ЕЭК энергетиктері 11-мәрте «Жауынгерлік қорым» науқанын өткізді. Ақсу электр станциясының Жастар кеңесі соғыс ардагерлерінің қараусыз қалған бейітіне сенбілік ұйымдастырды. 

Патриоттық сенбілікке 35-ке жуық адам қатысқан. Жастар ескі молалардың маңын тазартып, айналасын қалпына келтірді. ЕЭК еріктілері Ақсу қара металлургия колледжі студенттерін науқанға атсалысуға шақырған.

Бұл бейітте жерленген адамдардың туыстары не қаладан көшіп кеткен, не егде тартып, бұл жерді тазартуға шамасы келмей қалған. Сол себепті қараусыз қалған молалар маңына тұрмыстық қоқыспен қатар қураған шөп, ағаш бұтақтары мен ескірген гүл шоқтары толып қалған. 

Бұл науқан – соғыстың қандай зұлмат екенін жастарға ескерту. Біз ата-әжелеріміздің соғыс туралы әңгімелерін әрдайым есте сақтап жүрміз, осындай қайғылы жағдайды болдырмау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді «ЕЭК» АҚ Жастар кеңесінің координаторы Наталья Матаева. – Қараусыз қалған молалардың маңын ретке келтіру – Отан үшін отқа түскендерді еске алу, қазіргі жастарды отансүйгіштікке баулу. 

Патриоттық еңбек десанты – жұмысшы жастардың бастамасы. «Жауынгерлік қорым» атты науқанды жас энергетиктер 2011 жылдан бері, биыл осымен он бірінші рет ұйымдастырып отыр. 2020 жылы локдаунға байланысты бұл шара өткізілмеген.

Елена Гаркава.

Суретті түсірген - Болатбек Кәкім