Көлігіне жалған нөмір таққан павлодарлық жүргізушінің қулығы ұзаққа бармады

Көлігіне жалған нөмір таққан павлодарлық жүргізушінің қулығы ұзаққа бармады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сөйтіп ол уақытша көлігінен де айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өуде. Аталмыш шара аясында павлодарлық тәртіп сақшылары күмән тудырған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар Chevrolet автокөлігін анықтады. 

Тексеру барысында аталған нөмірмен тіркелген көлік құралының мүлдем жоқ екені белгілі болды. Нәтижесінде жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатқаны анықталды.

– Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен заңсыз басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Сергей Бах.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері күн сайын жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланатын құқық бұзушыларды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізуде.