Павлодар облысы тас жолында автокөлік ағашқа соғылды

Жол-көлік оқиғасы Атамекен-Курчатов автожолында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Chevrolet» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай ағашқа соғылған.
Салдарынан жүргізуші аяғынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 610-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.