Павлодар облысында мамандандырылған мектептерге құжаттар тапсыру мерзімі ұзартылды
Елдегі су тасқынына байланысты құжаттарды қабылдау әлі жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының басышысы Самал Айтқазинаның айтуынша, мамандандырылған оқу орындарына түсуге ниет білдірген балалар үшін өтініштерді қабылдау 20 сәуірге дейін ұзартылды. Барлық қажетті ақпаратты мектептердің сайттарынан табуға болады.