Павлодар облысында жүргізуші куәлігі жоқ азамат ұсталды
Оқиға Омбы – Майқапшағай автожолында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары «Mercedes» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында рөлде Павлодар қаласының тұрғыны отырғаны және оның көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды.
– Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды, – деді патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаев.
Ведомствода атап өткендей, жыл басынан бері полицейлер көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз басқарудың шамамен 2420 дерегін анықтады.