Павлодарда қансорғыштарға қарсы 20 тоннадан астам препарат жеткізілді
Шыбын-шіркейге қарсы препараттар партиясы басқарма мамандары мен мердігерлердің қатысуымен қабылданды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, бүгін, наурыздың 24-і күні биологиялық препараттың қалған бөлігі – 21,0 тонна Павлодар қаласында орналасқан «Реактив» ЖШС-нің қоймасына жеткізілді.
– Жалпы ауданы 71,5 мың гектарды дезинсекциялық жұмыстармен қамту үшін 101,9 тонна биологиялық препарат авиациялық және Ертіс өзенін өңдеуге жұмсалады. Мердігермен жуырда химиялық препараттардың келуі қамтамасыз етіледі, – дейді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, шыбын-шіркейлермен күрес барысында 71,5 мың гектар жайылма алқабы өңделеді. Ол үшін 102 тонна биологиялық препарат қажет.