Павлодарда қазақ музыкасының үздік туындылары орындалады

Павлодарда қазақ музыкасының үздік туындылары орындалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Иса Байзақов атындағы облыстық филармония сахнасында  «Жасай бер, қазақ елі» атты концерт өтеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Өтетін күні: 25 қазан, сағат 12:00-де.

Кеш барысында қазақ музыкасының үздік туындылары орындалып, халқымыздың ұлттық өнері дәріптеледі. Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Төлеген Мұхамеджанов сынды ұлы композиторлардың шығармалары мен аты аңызға айналған Арно Бабаджанянның атақты әндері тыңдарманға ұсынылады.

Концертке қатысатын шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар шынайы өнердің құдіретін сезінуге шақырады.