Павлодарда мектеп оқушысы сабақ үстінде мұрнын сындырған

Павлодарда мектеп оқушысы сабақ үстінде мұрнын сындырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бала есінен танып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодардағы № 9 мектепте дене шынықтыру сабағында 6-сынып оқушысын ұрып, мұрнын сындырған. Соққыдан кейін бала бірнеше минут бойы ессіз жатты. Бұл туралы бала анасына айтып берді. Мектеп әкімшілігі сабақ өтіп жатқан стадионға қарайтын камераларды көрсетуден бас тартты.

– Дене шықтыру сабағы неге қараңғыда жүргізіледі? Мектеп стадионында неге жарық жоқ? Ешкім жедел жәрдемді шақырмаған, әкімшіліктен де маған қоңырау шалмады. Осы жағдай туралы баламның аузынан естіп, білдім, – деді оқушының анасы.

Оқиғадан кейін мектепте ата-аналармен жиналыс ұйымдастырылды. Зардап шеккен 6-сынып оқушысының анасының айтуынша, директор одан полицияға хабарласпайтыны туралы қолхат алған. Бірақ соған қарамастан, анасы құқық қорғау органдарына өтініш жазған болатын.

– Кәмелетке толмағанның заңды өкілі баланы тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кінәлі оқушы мектепішілік бақылауға алынды, – деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаментінде.

Материал сотқа жіберіледі.