Павлодарда мейрамханадағы уланудан кейін үш бала ем алуда

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 8 маусымда орын алған жаппай тамақтан улануды тіркеу фактісі бойынша Павлодар облысының полиция департаментіне ақпарат жіберді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексерудің нәтижелері бойынша облыстық полиция іс жүргізу шешімін қабылдайды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Еске сала кетейік, Павлодарда тойға барған қонақтар арасында уланғандардың саны артты. Әлі күнге дейін мейрамханадағы мерекеден кейін өзін нашар сезінген адамдар ауруханаға жүгінуде.
Бұл ретте облыстық балалар ауруханасында уланған үш бала ем алуда. 7 маусымда қыз ұзатудан әкелінген сарқыттан дәм татқан 18 жастағы қыз бен сегіз жасар ер бала уланса, 8 маусымда өткен мерейтойда болған 16 жастағы қыз уланды.