Павлодарлық болашақ полиция қызметкерлері блог жүргізуді үйренуде

Павлодарлық болашақ полиция қызметкерлері блог жүргізуді үйренуде

«Skills Map» жанды кітапханасында облыстың түрлі саладағы танымал шығармашылық тұлғалары өз тәжірибелерімен, табыстары мен сәтсіздіктерімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында полиция мектебінің курсанттары мен студенттерін блогерлік өнерге баулу үшін жиналды.

Спикерлердің арасында биші әрі хореограф Дарина Ди және спорт блогері Сұлтан Қайыржан болды.

18 жастағы балуан Сұлтан Қайыржан спорт амбассадоры ретіндегі жолын кездейсоқ бастағанын айтады. Ол сегіз жасынан бастап еркін күреспен айналысқан, спорт шеберлігіне үміткер, жаттықтырушы мамандығы бойынша білім алуда. Бірақ жарақатыма байланысты кәсіпқой спортты тастап кетуге мәжбүр болған.

– Бір күні бапкерім мені спаррингке шығуға шақырды. Ол кезде мен ауылда болатынмын, жекпе-жекке дайындалуға  мүмкіндік аз болғанымен, барынша дайындалдым. Сол кезде «Осының бәрін видеоға түсіріп алып, желіге неге жарияламасқа?» деген ой келген. Соңында видео барлығына ұнап, жазылушыларым көбейе бастады, осылайша мен спорт туралы блогты жүргізе бастадым, – дейді блогер.

Сұлтан Instagram желісіндегі парақшасын осыдан бес ай бұрын ашқан, осы уақыт ішінде 14 мың жазылушы жинап үлгерген. Бірақ оның жазбаларында тек спорттық контент қана емес, сонымен қатар отбасы, үй және хобби туралы видеолар бар.

Ол диалог алаңының қатысушыларына табыстың формуласын айтуға келген.

– Бүгін диалог алаңында қатысушыларға «Бұл не үшін қажет?» формуласы туралы айтқым келді. Әр істің басында осы сұрақты қою керек. Егер сізде нақты мақсат болса, мотивация да, қимыл жасауға да ұмтылыс болады. «Істемей-ақ қояйын» дегеніңіз «Керек» дегенге айналады. Блог – мен үшін таңертен оятатын мотивация болып кетті, – дейді Қайыржан Сұлтан.

Полиция мектебінің курсанттары әңгімелер тыңдап, пайдалы ақпарат алу үшін келді. Солардың бірі – Айдана Сейітқалиева әлеуметтік желідегі аудиторияға қатысты барлық ақпаратты білгісі келеді.

– Болашақта мен ақпараттық саясат бөлімінде инспектор болып жұмыс істеймін, сондықтан мен үшін әлеуметтік желілерде жұмыс істеу туралы бәрін білу маңызды, өйткені бұл бізге әлеуметтік желілер арқылы ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажет. Мен үшін ең маңызды нәрсе – әлеуметтік желілерде адамдармен байланысу және негативпен күресу, – деп пікір білдірді қатысушы.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай диалог алаңдары өз жемісін беруде. Мысалы, волонтерлермен әңгімелескеннен кейін кейбір студенттер мен мектеп оқушылары волонтерлік орталықтарға жұмысқа орналасып, адамдарға риясыз көмек көрсетуге ынталарын көрсеткен.

Фото: Жастар бастамаларын дамыту орталығы