Павлодарлық оқушыларға есірткінің жаңа түрі туралы хабарлама жіберілуде

Бұған дейін мұндай хабарламалар Қырғызстанда да болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық мектеп оқушыларының What`s App чаттары арасында мектептердегі балаларға құрамында кристалдық метамфетамин есірткісі бар «Клубничный квик» тәттілерді ұсынылуы мүмкін туралы ақпарат тарай бастады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат расталмаған және жалған болып табылады.
– Дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдар тудыруы мүмкін жалған ақпарат тарату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске сала кеткен жөн. Біз барлығын әртүрлі хабарламаларды таратқанда мұқият және жауапкершілікпен қарауға және тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырамыз, – деді министрлікте.
Мұндай хабарлама Қазақстанның басқа қалаларында да тарауда.