Асайын Байханов дауыс берді
Облыс әкімі павлодарлықтарды азаматтық борышын өтеуге шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлықтармен бірге өз таңдауын жасаған облыс әкімі Асайын Байханов жаңа Ата Заңның маңызына тоқталып өтті.
– Бүгін - тарихтың жаңа парағы ашылатын күн. Мен де, елмен бірге «Ұлы іске өз үлесімді қостым». Осындай да, біздің ауызбіршілігіміз – аса қымбат. Жаңа Ата Заңның негізгі бір авторы - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын, қадір-қасиетін қорғауға, елімізді дамытуға мол әсер беретін басты қадамдардың бірі деп санаймын, - деді аймақ басшысы.
Асайын Байханов Ертіс-Баян өңірінің тұрғындарын өзінің азаматтық борышын орындау үшін дауыс беруге шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram