Асайын Байханов: «Шәкен Аймановтың фильмдерін көріп өстік»

Асайын Байханов: «Шәкен Аймановтың фильмдерін көріп өстік»
Фото: kazakhcinema.kz

Облыс әкімі павлодарлықтарды қазақтың тұңғыш режиссерінің мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шәкен Айманов 1914 жылдың 15 ақпанында Баянаулда дүниеге келген. Семей қаласында педагогикалық техникумді аяқтап, өзі басшы болған театрда өнер көрсетті. Актерлік мансабы 1943 жылы «Белая роза» комедиялық фильмінен басталды. Кейіннен фильм прокаттан шығарылып, талантты актер кең танымалдылыққа ие бола алмады.

Бірақ серпіліс кейінірек 1945 жылы «Песни Абая» көркем фильмі шыққаннан кейін болды. Сыншылар Аймановтың таланты туралы айта бастады. Одан кейін 1952 жылы «Жамбыл» кинокартинасында Шәкен Айманов қазақ ақынының кейпіне түсті.

Дарынды тұлғаның туған күніне орай Асайын Байханов өзінің «Instagram» парақшасында Шәкен Аймановқа құрмет көрсетті.

– Бүгін жерлесіміз, қазақтың біртуар перзенті, қазақ кино өнерінің негізін қалаушы, талантты актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толды. Біз оның отандық кинематографияның алтын қорына енген фильмдерін көріп өстік. 

– Шоқтығы биік «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе» және «Бір ауданда» фильмдерінде ойнаған рөлдері - жоғары шеберліктің үлгісі. 1964 жылы Англияда Уильям Шекспирдің 400 жылдық мерейтойында Отеллоның монологын оқып, ағылшын сахнасында алғаш рет Шекспирді қазақ тілінде сөйлетті, – деді өңір басшысы.

Шәкен Айманов ұлттық киностудияның тұрақты көркемдік жетекшісі болды, өзі құрған Қазақстан кинематографистер одағын басқарды.

Атағына қарамастан, өте қарапайым болған жан, көзкөргендер оның барлығына көмек қолын созғанын, туған жерін қалай қатты жақсы көргенін айтады. Ол фильмдерінің бір бөлігін Жасыбайда түсірген. Шәкен Айманов 55 жасында жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды. Оның салып кеткен өнердің дара соқпағы келешек ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосары даусыз, – деп аяқтады облыс әкімі.

Сахна тарланына Баянауылда ескерткіш орнатылды, есімімен көшелер, кинотеатр аталды.