Павлодар облысы инвестиция ағыны бойынша екінші орында

Павлодар облысы инвестиция ағыны бойынша екінші орында
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биылғы жылы инвестиция көлемі 69 миллиард теңгеге жуықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Павлодар облысында инвестиция тартуға, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға, суды үнемдейтін технологияларды қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің заманауи инфрақұрылымын құруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл шараларды жүзеге асыру өндіріс тиімділігін арттыруға және агроөнеркәсіптік кешендегі өңірдің позициясын нығайтуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға құйылған инвестиция ағыны 69 миллиард теңгеге жуықты құрап, республикадағы өңірлер арасында инвестицияның жалпы көлемінде екінші орынды иеленді. Бұл туралы Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Қаленов хабарлады.

– Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асырудың жол картасы аясында жалпы құны 38 миллиард теңгені құрайтын 25 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа өңдеу кәсіпорындарын, ауыл шаруашылығы қоймаларын ашуға және суармалы жерлерді ұлғайтуға, сондай-ақ 125 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді спикер.

Алты айдың қорытындысы бойынша жалпы құны 12 миллиард теңге болатын бес инвестициялық жобаны жүзеге асыру аяқталды. Он миллиард теңгеге 2380 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу бойынша екі жоба іске қосылды. Тағы үш жоба – құны екі миллиард теңге болатын 1808 гектар аумақта суармалы учаскені енгізу.

– Бүгінгі таңда іске асырылған жобалардың саны онға жетті. Қалған 15 жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, – деді Әлібек Қаленов.

Инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдау шеңберінде инвестицияға жұмсалған шығындарды өтеу бөлігінде субсидиялар беріледі.

Ағымдағы жылға сегіз миллиард теңге қарастырылып, бірінші жартыжылдықта 586 өтінім субсидияланды. Бүгінгі таңда қаражат толығымен игерілді.