Павлодар облысына көшіп келгендердің саны өсті

Павлодар облысына көшіп келгендердің саны өсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірге негізінен ТМД елдерінің азаматтары көшіп, тұрғылықты қоныстануға қалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  биылғы жылдың қаңтар-қыркүйекте көшіп келгендердің тіркелу саны былтырғы жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда 39,5% көбейіп, 6885 адам құрады. Ал 9228 адам облыстан көшіп кетті. Бұл көрсеткіш те өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көбейді– 3,2%-ды құрады. Көші-қонның айырымы – 2343 адам болды.

Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 912 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 750 адам. Оның 74,9% - Рессейден, ал 15,1% - Түрікменстан азаматтары. Әлемнің басқа елдерінен 162 адам көшіп келді,– деді облыстық статистика департаментінде.

Павлодар облысына Қазақстанның басқа өңірлерінен 5973 адам қоныс аударды. Олардың  25,7% – Астана қаласынан, ал 13,5% – Түркістан облысынан.

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында облыстан республика шегіне 1202 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 848 адам кетті. Әлемнің басқа елдеріне 354 адам қоныс аударды,– делінген хабарламада.  

Қазақстанның басқа өңірлеріне 8026 адам көшіп кетті. Павлодарлықтардың 52,3% – Астана қаласына, 10,7% – Алматы қаласына көшті.