Павлодар облысынан Мәжілістегі бір мандатты орынға кімдер кандидат

Павлодар облысынан Мәжілістегі бір мандатты орынға кімдер кандидат

Кандидаттардың көбі – өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың тіркеу нәтижелері туралы мәлім етті. 

Тіркеуден 12 адам өтті. Олардың арасында ең үлкені - 76 жаста. Ең жасы - 29 жаста. Кандидаттардың басым бөлігі – ер адамдар. 

Кандидаттар арасында жазушы, зейнеткер, Мәжілістің бұрынғы депутаттары, уақытша жұмыс істемейтіндер бар.

Аты-жөні

Туған жылы

Жұмыс орны, лауазымы

кім ұсынды немесе өзін-өзі ұсыну

 

1

Амантай Жарқынбек

1988

"ҚР Жазушылар одағы" Павлодар облыстық филиалы, директор

"AMANAT" партиясы

2

Бабенко Александр Витальевич

1966

ҚР шахмат федерациясы, вице-президент

өзін-өзі ұсыну

3

Дворецкий Владимир Яковлевич

1946

"ҚР қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің одағы" ЗТБ қауымдастығы, төраға

өзін-өзі ұсыну

4

Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы

1960

Уақытша жұмыс істемейді

өзін-өзі ұсыну

5

Елгонденов Саят Шалқыбекұлы

1986

"Павлодар облысының ауыл жастары одағы" корпоративтік қоры, төрағаның орынбасары

өзін-өзі ұсыну

6

Есмағамбетов Исабай Дүйсембайұлы

1993

"Борышкерлердің құқықтарын қорғау" ЗТБ қауымдастығы, президент

өзін-өзі ұсыну

7

Жұмабекова Рысты Маговьянқызы

1952

зейнеткер

өзін-өзі ұсыну

8

Носик Вячеслав Иванович

1967

"Рыбный мир" ПКФ ЖШС, директор

Қазақстан Халық партиясы

9

Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы

1965

VII-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

"Ақжол" ҚДП

10

Темірбекова Зарлық Құдайбергенқызы

1963

Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, адвокат

өзін-өзі ұсыну

11

Тупицын Сергей Геннадьевич

1967

2-ші топтағы мүгедек

өзін-өзі ұсыну

12

Хайсин Азамат Болатұлы

1975

"Екібастұз қ. №12 ЖОББМ" КММ, тарих пәнінің мұғалімі

ЖСДП