Павлодар облысында дәрі-дәрмек қымбаттады

Еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда баға өсімі орташа деп саналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға қымбаттады. Павлодар облысында өсім 6,9 пайызды құрады.
Дәрі-дәрмектердің арасында «Корвалол» (30,7 пайызға), «Канефрон N» (27,9 пайызға), «Ацикловир» (18 пайызға), ацетилсалицил қышқылы (16,8 пайызға) және поливитаминдер «Мульти-табс Классик» (15 пайызға) өсті.
Өткен жылы дәрілерді өндіру үшін инвестиция бөлінбегеніне қарамастан, Павлодар облысында 514 миллион теңгеге дәрі-дәрмек өндірілді.