Павлодар облысында күн ысиды

Апта соңына қарай жаңбырлы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 6 мамырда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде +2...+7°С көрсетеді, аймақтың батысында, солтүстігінде - 1градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +20...+25°С-қа дейін жылынады.
Отан қорғаушылар күні жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, облыстың шығысында +2°С, күндіз +23...+28°С-қа дейін көтеріледі.
8 мамырда күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +27...+32°С көрсетеді.
9 мамырда облыстың шығысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +23...+28°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде де жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +17...+22°С болады.