Павлодар облысында күзгі орман дақылдарын отырғызу сапасы тексерілді

Павлодар облысында күзгі орман дақылдарын отырғызу сапасы тексерілді
Фото: Константин Шелков

Жоғары сапалы отырғызу материалдары пайдаланылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлімінің мәліметінше, инспекция қызметкерлері Максимо-Горький орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде күзгі орман дақылдарын отырғызу сапасын тексеруге байланысты арнайы жұмыстар жүргізді. Отырғызу кезінде барлық көрсеткіштерге сай стандартты жоғары сапалы отырғызу материалы пайдаланылғанын атап өту қажет. Материал алынған жер: РФ, Челябі облысы.

Орман шаруашылығының тікелей жыртылған жоталары бар, отырғызу сызбасынан іс жүзінде ауытқулар жоқ, көшеттердің отырғызу тереңдігі қанағаттанарлық. Бір күнде 12 гектар жерге ағаш отырғызылып, жалпы отырғызылған жер көлемі 118 гектарға жетті. Бұл орманды қалпына келтіру жұмыстарының жалпы жоспарының 31 пайызын құрайды.

Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты орман шаруашылығына жоспарды толық орындау үшін күнделікті өнімділікті арттыру, сондай-ақ орман дақылдарын күтім мен қорғауды қамтамасыз ету ұсынылды.