Павлодарда құжаттары жоқ шетел азаматтары анықталды

Павлодарда құжаттары жоқ шетел азаматтары анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар АХАТ органдарында заңды түрде тіркелмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 16:00 шамасында қала аумағында полиция, прокуратура, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру басқармаларының қызметкерлерінен құралған жедел әрекет ету тобы рейдтік іс-шаралар барысында алты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған шетел азаматтарының отбасын анықтады. 

– 2016 жылдан 2023 жылға дейін туған алты баланы тәрбиелеуші азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында заңды түрде тіркелмеген, яғни туу туралы куәлігі және жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған, денсаулық сақтау және білім беру объектілеріне бекітілмеген, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады, – дейді облыстық балалар ауруханасының директорының орынбасары Ирина Орсагош.

Балалар мен олардың анасы тексерілу үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Арнайы мамандар тексерген балалардың жағдайы тұрақты, бірақ дәрігердің бақылауы мен күтімін қажет етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар балалардың туу туралы куәліктері мен ЖСН, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға рұқсат құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесуде.