Павлодарлықтар үй жануарларын жеңілдікпен есепке қою үшін қайда жүгіне алады?

Павлодарлықтар үй жануарларын жеңілдікпен есепке қою үшін қайда жүгіне алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үй жануарларын есепке алу иелерінің есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, иелері халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын қаңғыбас үй жануарларын есепке қою мемлекет есебінен, яғни тегін жүзеге асырылады.

– Бұл қызметті тегін алу үшін белгілі бір топқа жататынын растайтын құжатты ұсыну қажет, – дейді басқармада. 

Бүгінгі күні қызметті жеңілдетілген шарттармен облыстық ветеринарлық станцияда  алуға болады. Мекенжайы: Қамзин көшесі, 352/1. Байланыс телефоны: 8 (7182) 66-38-20.

Аудандар мен Екібастұз, Ақсу қалаларында ветеринарлық станцияларға хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес үй жануаларын есепке алу міндетті ветеринарлық шара болып табылады. Аталған талапты орындамаудың салдары 10-20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапқа тартуға әкеліп соғады. Егер бұл заң бұзушылық  қайталанса, 20-40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Мұндағы негізгі мақсат  – қазақстандықтарды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға, оларды көшеге тастамауға және қатыгездікке жол бермеуге тәрбиелеу.