Павлодарда бизнесті Үкіметпен тікелей байланыстырды

Павлодарда бизнесті Үкіметпен тікелей байланыстырды
Фото: автор

«AMANAT» партиясының хатшысы Елдар Жұмағазиев Павлодар облысына келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Партия мүшесі бизнес өкілдерімен кездесіп, Павлодарда бірінші «AMANAT» кәсіпкерлік жөніндегі үйлестіру кеңесін ашты. Ұлттық компания өкілдері партияның облыстық филиалына жиналса, орталық мемлекеттік органдар бейнеконференция арқылы тікелей қосылды. Елдар Жұмағазиев Қазақстанда әкімшілік кедергілерді жоюға және бизнесті қолдауға көбірек назар аударып келе жатқанын атап өтті.

Облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко бизнес пен билік арасындағы сенімнің жоғары екенін, екі тарап арасындағы тығыз қарым-қатынасты атап өтті. Оған дәлел ретінде спикер іскерлік белсенділіктің артқанын, мемлекеттік субсидиялардың, гранттардың бөлінуін, қажетті инфрақұрылымның дамуын келтірді.

Қатысушылар көп ұзамай бірден сұрақ-жауапқа көшті. «Ткачук» шаруа қожалығының басшысы Сергей Ткачук жастардың ауылдан көшу мәселесін көтерді. Ол жас кәсіпкерлерді несиелендіру процесін барынша жеңілдетуді сұрады. Сонымен қатар, фермер ауыл тұрғындары үшін салық өтімділік коэффициентін арттыруды сұрайды.

Ауылдық жерлердегі мал шаруашылығын несиелендіру үшін 0,7% кепілдік өтімділік коэффициенті қолданылады. Бұл ауылдық жерлерде орналасқан мүлікті бағалау кезінде кепіл құны нарықтық құнның 70% ғана ескерілетінін білдіреді, өйткені мұндай активтер қалалық жерлерге қарағанда өтімділігі төмен болып саналады.

«Саржайлау» ЖШС басшысы Жанат Ибраев Қ. Сәтбаев атындағы канал мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, «Ертіс – Қарағанды» каналы ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар, суармалы егіншілік көлемін ұлғайту көзі бола алады. Алайда су жолының бойында электр желісінің жоқтығы бұған кедергі болып отыр. Кәсіпкер каналдың экономикалық жағдайын жақсартатын инвесторлар тартуды ұсынып отыр.

Кездесу барысында басқа да сұрақтар көтерілді. Олардың барлығы «AMANAT» партиясы мен орталық мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.