Павлодарда бірқатар үйлерде су болмайды

Павлодарда бірқатар үйлерде су болмайды
Фото Константин Шелков

Мұнда су құбыры желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Павлодар-Водоканал" ЖШС-нің мәлімдеуінше, су 24 сағатқа өшіріледі.

Су құбыры желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 21 қыркүйек күні сағат 9:00- ден бастап, 22 қыркүйек күні сағат 9:00-ге дейін су беру тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Су болмайтын мекенжайлар төменде:

Қайырбаев көшесі. 59; 

Мәшһүр Жүсіп көшесі, 84, 86, 92, 92/1;

Кривенко көшесі, 26; 

Желтоқсан көшесі бойындағы Қайырбаев көшесінен Кривенко көшесіне дейінгі жеке үйлер;

Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы жеке үйлер 119, 121.