Павлодарда ертең тұрып дауыс бергендер өз ойларымен бөлісті

Павлодарда ертең тұрып дауыс бергендер өз ойларымен бөлісті

Қала тұрғындары белсенділік танытуға  шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда сайлау учаскелері таңғы жетіден бастап іске қосылды. Бұл уақытта кейбір учаскелерде кезек пайда болды. Тұрғындардың бірқатары жұмысқа бармас бұрын дауыс беруге асықса, енді бірі ерте тұрғанды ұнататынын айтады. 

– Мен үшін таңертең ерте тұру қиын болған жоқ. Мен жасым келген адаммын. Сайлаудың не үшін өткізілетінін білемін – еліміздің жақсы өмір сүруі үшін жаңа адамдар келеді, – деді Виктор Шмулько. – Мен жұмыстың алдында келдім. Тек көліктің қалай жүретініне алаңдаймын, жұмыс  таңғы сегізден басталады. Сондықтан жұмысқа үлгеруім керек.

Естай атындағы мәдениет сарайында орналасқан 11-ші сайлау учаскесінде жарты сағат ішінде 15 адам дауыс берді. Учаскеге барлығы 2019 сайлаушы тіркелген. Олардың 19-ы үйден дауыс береді.

–  Мен таңғы бесте тұрдым. Долгое ауылына бару керек еді. Жолдан келген соң өз учаскеме келіп, дауыс бердім. Енді   үйге демалуға барамын, – деді Юрий Оганесян.

Сайлауға бірінші келгендер мен алғаш рет дауыс бергендерге сыйлықтар ұсынылды.  

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болады.