Павлодарлық биолог әкімдіктерге АҚШ-тан жеткен өсімдіктерді бақылауға шақырады

Павлодарлық биолог әкімдіктерге АҚШ-тан жеткен өсімдіктерді бақылауға шақырады
Фото: pixabay.com

Ол үшін арнайы топ құру қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Берегиня био» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сарапшы-биологы Татьяна Пономарева айтып берді.

– «Берегиня Био» ЖШС алғашқы инвазивті өсімдікті 1987 жылы Кенжекөл ауылында анықтаған. Қазіргі уақытта инвазивті өсімдіктер мәселесі өзекті болып отыр, – дейді ол.

Павлодар облысында өсетін инвазивті арамшөптердің қатарына циклахена дурнишниколистная, амброзия жусанжапырақ, арамсояу, күйдіргіш майдажелек және тағы басқалары кіреді. Аталған өсімдіктер Қазақстанға Солтүстік Америкадан тауарлармен бірге әкелінген.

Барлығы американдық цихлахена шөбімен таныс болғанымен, көбіамброзия арамшөп туралы естімеген. Бұл – аса қауіпті карантиндік арамшөп болып табылатын астра тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Ол елді мекендерде, шалғындарда, ауылдарда, жол бойында өседі. Қараусыз қалған саяжайлар мен көкөніс бақшалары – амброзияның көктеуі үшін ең қолайлы орын.

– Амброзияның отаны Солтүстік Америка болып табылады, ал біздің елімізге оңтүстік елдерден жемістермен бірге абайсызда әкелінді. Мысалы, қарбыздарды Қазақстанға әкелген кезде қарбыздарды жарылып қалму үшін шөппен жауып тастайтын. Бұл шөптің арасында инвазивті өсімдік түрлері болуы мүмкін. Қарбыздар сатылып болған соң шөп қоқыс тастайтын полигондарға тасталады. Осылайша, тоғандарда қаз-үйректер қоныстанған Ефремовка ауылын шөп басып жатыр, – дейді Татьяна Пономарева.

Амброзия мен циклахена өте ұқсас өсімдіктер. Олардың вегетациялық кезеңі, тұқымдары, көбею қабілеті және бақылау әдістері бірдей. Ұзындығы үш метрден асуы мүмкін, ал діңнің қалыңдығы бес метрге жетеді. Екеуі 40-тан 300 мыңға дейін тұқым береді. Олар далада өспейді, тек су басқан құнарлы жерде ғана.

– Бастапқыда кішкентай болғанда көпжылдық шөптер мен дәнді дақылдардың арасында көрінбегендіктен, оған ешкім мән бермейді. Адамдар оны маусымның аяғында – шілденің басында, жаңбыр жауғанда ғана байқай бастайды, себебі жаңбырдан кейін олар тез өседі. Амброзияны әлі кішкентай кезінде тек механикалық жолмен жою керек, – деп түсіндірді биолог.

«Берегиня Био» ЖШС зерттеулеріне сәйкес, тұқымдарды жердің 30-40 сантиметр тереңдікке көму қажет, өйткені тұқымдар қалың топырақ қабатының астында өнбейді. Екіншіден, инвазивті өсімдіктерді гербицидтермен жоюға болмайды, себебі жаппай ықпалды гербицидтер айналасындағы барлық өсімдіктерді өлтіруі мүмкін.

Татьяна Пономарева «амброзия полыннолистная» және оған ұқсас өсімдіктер ауыр аллергиялық реакциялар тудыратынын және демікпенің асқынатынын еске салады. Сондықтан биолог ауыл әкімдіктерін инвазивті өсімдіктердің таралу динамикасын бақылай алатын жұмыс топтарын құруға шақыруда.