Павлодарлықтарға ХҚКО-да жылжымайтын мүлікті қалай ресімдеу керектігі айтылды

Павлодарлықтарға ХҚКО-да жылжымайтын мүлікті қалай ресімдеу керектігі айтылды
pexels.com

Жылжымайтын мүлікті алып-сатуды нотариуссыз рәсімдеуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өтініш беру күнін есептемегенде, бұл қызметті бір күнде жасауға болады. Мәміле үшін мынадай құжаттар қажет: екі данада рәсімделген алып-сату шарты, жылжымайтын мүліктің техпаспорты, оған құқық белгілейтін құжаттар (сатушы ұсынады). 

- Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынса, онда сату туралы шешім ұсынылуы керек. Бұл ретте, егер сатып алушы некеде тұрса, жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Бұдан басқа, ХҚКО-ға дайын сатып алу, сату шартымен де келуге болады. Мемлекеттік корпорацияның маманы оны құруға көмектеседі. Құжатта жылжымайтын мүліктің барлық техникалық сипаттамалары (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастрлық нөмірі және т.б.) болуға тиіс, – дейді Павлодардың "109" қызметі.

Егер жылжымайтын мүлік құрылыс салушыдан сатып алынса, шартта ХҚКО-ға келетін компанияның сенімді тұлғасының аты көрсетіледі. Сенім білдірілген тұлға болмаған жағдайда ХҚКО-ға компанияның директоры келеді, ол сатып алу, сату шартына қол қояды және өзімен бірге директор болып тағайындау туралы бұйрық алып келеді.

- Егер көрсетілетін қызметті алушы дайын сатып алу, сату шартымен келген жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 1202,5 теңгені, ал егер құжат ХҚКО-да жасалса, 8500 теңгені құрайды. Көрсетілетін қызметті алушы тіркеуге қарамастан, шартты жасау үшін бөлек төлейді, - дейді бірыңғай байланыс орталығы.

Қызметтің бағасы жылжымайтын мүлік түріне байланысты өзгереді, мысалы, қойма, тұрақ және т.б. Мамандар егер адам жеке үйді сатса, онда төлем өзгермейді, бірақ ол жер учаскесін және оның аумағындағы шаруашылық құрылыстарын тіркеу үшін қосымша ақы төлейтінін ескертеді.