Ақсу қаласы Қызылжар ауылында 60 жылдыққа орай дүбірлі той өтті (ФОТО)

Ақсу қаласы Қызылжар ауылында 60 жылдыққа орай дүбірлі той өтті (ФОТО)

Салтанатты шара Ақсу қаласы Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайы және кеш қонақтарының концеттік бағдарламасымен басталды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауылы мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Ақсу қаласының әкімі  Нұрлан Дүйсенбинов ауылдық аймақтың әкімдігіне   30 миллион теңгелік сертификат табыс етті. 

 –  Ауыл тұрғындары қысқы хоккей кешенін сұраған болатын және жуырда оқу-жаттығу кезінде өрт сөндіру қызметінің көлігі оқыс жағдайға ұшырап, өртеніп кеткен. Сол себепті бұл қаражат ауылда спорт нысанын салуға  және  ВАЗ автокөлігін сатып алуға бағытталады, – дейді Қызылжар ауылдық округінің әкімі  Дәулет Абильдинов.

Шара барысында ауыл тұрғындарына арналған түрлі ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылды. Жастар алтыбақан теуіп, көңіл көтерді. 

–  Той керемет өтуде. Әр әулет өз киіз үйлерін тігіп, ас беруде. Концерт ұнап жатыр. Бәйгені күтіп отырмыз, – дейді ауыл тұрғыны Қайсар Жұмабаев.

Сондай-ақ саудагерлер өздерінің тауарларын сатылымға қойды. Қолөнершілер қағаздан жасалған мүсіндер, ұлттық киімдер, қамшы және басқа да түрлі заттардың жұртшылық назарына ұсынды. 

– Қолым сал болып қалғаннан кейін қайта оңалту орталығында ем қабылдап жатқанда қағаздан бұйым жасауды үйрендім. Ғаламтор арқылы қарап, түрлі бұйымдар жасаймын. Сол жұмыстарымды бүгін көрмеге әкеліп отырмын, – дейді қағаз шебері Айтмұханбет Сатыбалдинов. 

Қошқар көтеруден Май ауданынан келген 24 жастағы Диас Калел үш минут ішінде қойды 85 рет көтеріп, жеңімпаз атанды.

Дүрбірлі думан «Қызылжар Барысы» қазақ күресі, қой көтеру, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық ойындармен қыза түсті.  Қазақ күресіне 30-тан астам балуан күш сынасты.  Сонымен қатар көкпар, тай бәйге, құнан бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)

Фото: Есенжол Исабек, Роза Мұстафина