Нафтизинге тәуелділік: Павлодарлықтар сау тыныс алуды қалай үйрене алады?
Тұмау – бұл синустардың ісінуі және ауаның мұрын арқылы өкпеге қиын немесе мүлде өтпейтін ауру. Мұрынның бітеліп қалу мәселесін мұрын тамшылары жылдам шеше алады деп саналады. Бірақ адам бұл препараттарға тәуелділіктің тұтқынына тез айналады. @Pavlodarnews.kz тілшісі мұрын тамшыларына деген тәуелділіктің қаупін түсіндіреді.
Нафтизинге тәуелділік – дәрілік риниттің жалпы көрінісі. Бұл тамшылар мен спрейлерді бақылаусыз қолдануды тудыратын мұрын шырышты қабығының созылмалы ісінуінің атауы.
Кәдімгі дәрілік риниттен басқа, оның аллергиялық және нейровегетативті түрлері бар. Бірінші жағдайда шырышты қабық аллергендермен тітіркенеді, ал екіншісінде мұрынның жүйкелері мен тамырларының патологиясы.
Әдетте, «нафтизинді нашақорлар» – бұл мұрын қуысының созылмалы қабынуы, мұрын полиптері мен аденоидтары, мұрынның деформациясы бар немесе аллергиядан зардап шеккен адамдар.
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының дәрігер-отоларингологы Бақытгүл Мейрембай бұл диагноздың қайдан шыққанын түсіндірді.
– Мұрын тамшыларға тұрақты тәуелділік осы тамшыларды белгіленген мерзімнен, әсіресе жеті күннен артық қолдану нәтижесінде пайда болады. Нәтижесінде, мұрын тамырлары тамшыларды қолданғаннан кейін сигналдарға ғана әсер етеді және өздігінен қысқармайды. Ал бұл жағдайда шырышты қабықтың ісінуі мен қабынуы енді аурудан емес, қысқа мерзімді әсерінен пайда болады, – деп айтты Бақытгүл Мейрембай.
Нафтизиннің артық дозасы – депрессияға апаратын жол
Нафтизин препараты қанға еніп, бүкіл денеге әсер ете бастайды. Вазоконстрикторлы тамшылардың құрамында адреналин сияқты әрекет ететін белсенді зат бар. Демек, артық дозалану белгілері қанға адреналиннің жоғарылауымен ұқсас:
- Жылдам жүрек соғысы – тахикардия;
- Қан қысымының жоғарылауы;
- Шамадан тыс қозу;
- Ұйқысыздық;
- Ұзақ қолданғанда депрессия дамиды.
Ең қауіпті тамшылар
– Барлық препараттар бірдей қауіпті. Швейцариялық алхимик Парацельс айтқандай: «Бәрі дәрі – бәрі де у. Тек доза ғана дәріні у қылып, ал уды дәріге айналдырады», – деді дәрігер.
Ең қауіпті – құрамында «нафазолин» заты бар препараттар. Ол ең қарсы көрсеткіштерге ие және ең улы болып табылады. Сондай-ақ, нафазолиннің әсер ету ұзақтығы өте қысқа, яғни оны жиі тамшылатуға тура келеді.
Егер адам мұрын тамшыларына дағдыланып кетсе, не істеу керек?
Ең алдымен, негізгі себептерді анықтау үшін отоларингологпен кеңесу керек. Ешбір жағдайда өздігінен емделуге болмайды.
Егер науқаста мұрын қалқалары үлкейсе, онда ота жасау тура келеді. Отадан кейін қанмен қамтамасыз ету әлсіреп, ісіну басылады.
– Ал егер адам тамшыларға үйренген болса, онда дәрігерлер препаратты біртіндеп тастауды ұсынуда. Әр жолы тамшылау жиілігін азайту керек. Уақыт өте келе, тамшыларды тұзды ерітіндіге толығымен өзгерту қажет, – деп түсіндірді отоларинголог.
Оның сөзінше, мұрынға ота қажет ететін науқастар жиі кездеседі.
Ең бастысы –аурудың өршуіне жол бермеу және салауатты өмір салтын ұстану. Дәрігрлер салқын тиюден аулақ болуға және медициналық тексерулерге жиі баруға ұсынады.
Бақытгүл Мейрембайдың айтуынша, өңірде дәрігерлерге ринитпен келетін науқастар аз.