Павлодардан бірнеше ауылға дейін автобустардың бағыты ұзарды

Өзгерістер ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Маршруттық желіні оңтайландырудың сынақтық режімі аясында, көлік қолжетімділігін талдау және азаматтардың жекелеген маршруттардың қозғалыс сызбалары бойынша өтініштерін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:
№ 21автобус маршруты Кенжекөл ауылдық округіне қызмет көрсететін, келесі қозғалыс сызбалары бойынша жұмыс істейді:
21К маршруты — Теміржол вокзалынан Кенжекөл ауылына дейін жүреді;
21А маршруты — Теміржол вокзалынан Байдала және Долгое ауылдарына дейін жүреді;
21 маршруты — қолданыстағы сызба бойынша: Прибрежный шағын ауданынан Кенжекөл ауылына дейін қатынай береді.