Павлодарлық студенттер орман шаруашылығында ағаш көшеттерін отырғызды
Болашақ орманшылар күзгі ормандарды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл шара қорық пен Торайғыров университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.
Бүгін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» тобының студенттері Бесқарағай филиалына қарасты Тайбағар орман шаруашылығы аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
– Болашақ орманшылар ағаш отырғызу арқылы табиғатты сақтауға, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуда. Әрбір отырғызылған ағаштар ауаны тазартып, топырақты нығайтып, болашақ ұрпақ үшін жасыл желекке септігін тигізеді. Бұл тәжірибе жас орманшыларға өз кәсібін тереңірек біліп қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуге көмектеседі, – деді «Ертіс орманы» табиғи резерватында.
Резерватта осындай акциялар экологиялық сананы қалыптастыратынын және басқа адамдарды табиғатқа қамқорлық жасауға шабыттандыратынын атап өтті.