Павлодарлық студенттер Республика күні қарсаңында Мемлекеттік Туды көтерді

Павлодарлық студенттер Республика күні қарсаңында Мемлекеттік Туды көтерді
Фото: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы

Ауқымды шара студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «АМАNАТ» партиясының «Жастар рухы» жЖастар қанатының ұйымдастыруымен «Менің елім – менің туым» патриоттық акциясы жалғасуда. 

22 қазанда акция жаңа серпін алып, Торайғыров университетінің студенттері университет жатақханасының ғимаратын мемлекеттік Тумен безендірді.

– Акцияны барлық жастар, облысымыздың және еліміздің барлық тұрғындары қолдап отыр, – деді директордың міндетін атқарушысы «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының жауапты хатшысы Айнұр Мұхамедьярова. – Біздің Туымыз ең жарқын, ең таза және ең әдемі, бұл әлемдік деңгейде мойындалды. Туымыздағы нұрлы күн, ашық аспан және ұлттық ою-өрнек мемлекетіміздің бірегейлігін айғақтайды.

Науқан 25 қазанда атап өтілетін Республика күнін мерекелеуге орайластырылған. Бастама аясында облыстың барлық аудандарының тұрғындары үйлері мен әлеуметтік нысандарының қасбеттеріне Мемлекеттік Турды орнатып, қозғалысқа белсене атсалысты.

– 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні! Бұл күн – біздің тәуелсіздігіміз бен елдігіміздің символы. Тәуелсіздік – біздің асыл мұрамыз, оны қорғау және дамыту – біздің ортақ міндетіміз. Отанымыздың тарихында көптеген маңызды оқиғалар болды, ал бүгінгі күні біз сол тәуелсіздігімізді тойлаймыз. Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы, сіздер – еліміздің болашағысыздар! Біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан, әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлесе еңбек етейік! Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің әрбір азаматына бақыт, денсаулық, және Отанымыздың гүлденуі үшін аянбай еңбек етуін тілеймін! Жасай бер, Қазақстан!, – деді облыстық «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды шара азаматтардың патриоттық сезімін нығайтып, Қазақстан халқының бірлігін паш етуге арналған. Оған студенттер ерекше белсене қатысып, азаматтық сана мен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетуде.