«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Қарғын судан қауіп бар ма? Қаңғыбас иттерден қашан арыламыз?

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Қарғын судан қауіп бар ма? Қаңғыбас иттерден қашан арыламыз?

@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 30 наурыз, бейсенбілік нөмірінде жарық көретін материалдарына аңдатпа ұсынады. 

Күн жылынып, көктем келген сәтте сай-саладан еріп аққан қар суынан төнер қауіп көп. Осы кезеңде аймағымыздың кейбір аудандары қарғын судан жапа шегіп жататыны жасырын емес. Айтып келмейтін апаттың алдын алу шаралары қалай жүріп жатыр? Тұрғындарды қандай жайттар алаңдатады? Бұл сұрақтарға сала маманы «Онлайн желі» шарасында жауап берді. 

Соңғы уақытта облыс тұрғындары, әсіресе, қалалықтар қаңғыбас иттердің қатары көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тек осы жылдың алғашқы екі айында 352 павлодарлық тұрғын иттен зардап шеккенін айтып, тиісті мекемелердің көмегіне жүгінген. Мұндай жағдайға жол бермес үшін не істемек керек? 

Өңіріміздегі өнердің қара шаңырағы Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында жағымды жаңалықтар аз емес. Көрермен ықыласына бөленген киелі орданың қоюшы режиссері Жангелді Садық газетімізге арнайы сұхбат беріп, өз ойымен бөлісті.  

Аймақтағы ақпарат айнасы - облыстық «Saryarqa samaly», бұрынғы «Қызыл ту» газетінің дамуына зор үлес қосқан редактор, белгілі журналист Балтабай Сейсенбеков туралы не білеміз? Бұл туралы бейсенбілік нөмірден оқып, біле аласыздар. 

Ертеңгі шығарылымда тұтас ел мен аймаққа қатысты осы және өзге де мақалалар жарық көреді.