«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Олқылыққа жол жоқ. Қалдықтың өзі қымбат

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Олқылыққа жол жоқ. Қалдықтың өзі қымбат

@Pavlodarnews.kz oблыстық «Saryarqa samaly» газетінің 1 маусым, бейсенбілік нөміріне аңдатпа ұсынады. 

Бір топ Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Екібастұз қаласында болып, шаһардың қысқы маусымға дайындығын тексерді. Күн жылынғаннан бері әр көшенің бойында құбырлар жаңартылып жатқаны белгілі. Халық қалаулылары қандай мәселелерді назарға алды? Облыс басшылығы жөндеу жұмыстары жайлы не деді? Осы және өзге де жылыту маусымына қатысты ақпараттарды ертеңгілік нөмірден оқитын боласыздар.

Павлодар қаласында тұрмыстық қалдықты шығару тарифі өсті. Бұған дейін облыс орталығында коммуналдық қызметтің бұл түрінің ақысы арзандардың бірі болса, енді керісінше қымбат аймақтардың көшіне қосылды. Тариф қанша теңгеге өсті? Оның себебі неде? Бейсенбілік нөмірді қалт жібермеңіз, оқырман!

Агроөнеркәсіп кешенінің саларын дамытуда суармалы алқаптарды ұлғайту мәселесі маңызды міндеттер қатарында тұр. Бұл ретте, Павлодар облыста бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасып жатқаны қуантады. Суармалы алқапты дамытудың тіиімділігі қандай? Аймағымызда алдағы уақытта қандай ірі жобалар жүзеге асады? Бұл туралы бейсенбілік нөмірден оқи аласыздар.

Сондай-ақ, ертеңгі нөмірден Мемлекеттік рәміздер күніне және халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мақалаларды, көктемгі дала жұмыстары, оқу жылының қорытындысы, бала тәрбиесі сияқты өзге де маңызды ақпараттарды оқи аласыздар.