ZAVOD FEST Павлодарда: жұмысшы мамандығы болашақтың стилінде

ZAVOD FEST Павлодарда: жұмысшы мамандығы болашақтың стилінде
Фото: "Алюмний зауыты" АҚ-ның баспасөз қызметі

Тұрғындарға металлургияның ішкі дүниесі мен болашағы паш етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Гагарин атындағы саябақ ZAVOD FEST 2025 жұмысшы мамандықтардың бірегей фестивалі аясында бір күнге стильді, интерактивті және қуатқа толы «болашақтың зауытына» айналды. Шараны ERG алюминий дивизионының құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ ұйымдастырды. Бұл оқиға мыңдаған металлург пен қала тұрғындарына кәсіби мерекеге орай жарқын тартуға айнылуда.

Бүгінде ERG компаниясында 60 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 45 мыңға жуығы – жұмысшы мамандық иелері. Олардың үштен бірі металлургтер болса, алюминий дивизионында сегіз мыңнан астам павлодарлық пен қостанайлық еңбек етеді.

Фестиваль жұмысшы мамандықтарымен жаңа форматта таныстырды: саябақтың әр аймағы өндірістік цехқа айналды, осылайша, әр қатысушы өзін зауыт қызметкері ретінде сезінді.

– Біз өндіріс қызметкерлерінің еңбек әлемін көрсетуге тырыстық. Қызметкерлеріміз қандай көзқараспен жұмыс істейді – біз осыны жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еттік. ERG-дің ерекшелігі — адамдардың компания ішінде өсіп, мансап құра алуы. Фестиваль жұмысшы мамандықтар еңбегінің күрделілігі мен оның қандай мүмкіндіктерді беретінін көрсетті, – деп атап өтті ERG Kazakhstan компаниясы бас директорының ұжым және мәдениет жөніндегі орынбасары Анастасия Круч.

Анастасия Кручтың айтуынша, компаниялар тобындағы топ-менеджерлердің 95 пайызы компанияда мансап жолын бастаған, ал олардың үштен бірі жұмысшы позициясынан шыққан.

– Әр мысал – шынайы өмірдің өзі. Біздің бас директорларымыз 80 жастан асқан қариялар емес,  олардың қатарында 40 жастағы азаматтар бар. Бұл компаниядағы мансаптық өсудің жоғары қарқынын білдіреді. Колледж түлектерінің өндіріске жұмысқа түскенде, қуанышымызда шек болмайды, – дейді Анастасия Круч.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның бас директоры Владимир Красноярский әріптестерін мерекемен құттықтап, еңбектері үшін алғыс білдірді.

– Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы өтіп жатыр. Біз оны металлургтердің кәсіби мерекесімен ұштастырдық. ZAVOD FEST алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Павлодар – қанатты металл дүниеге келген өндірістік қала. Мұнда бай тарихы бар екі зауыт жұмыс істейді, бұл – ерекше әрі үлкен әлеуеті бар кәсіпорындар. Бүгінгі іс-шара алюминий дивизионының бастамасы, – деді Владимир Красноярский.

Фестиваль бағдарламасы интерактивті аймақтар, өндірістік үдерістер, VR-презентациялар, кәсіби бағдар беру тапсырмалары және әр жастағы адамдарға арналған ойын-сауық шараларынан тұрды. Жастар мамандықпен танысудан бастап, еңбекке орналасуға дейінгі жолды өту мүмкіндігін алды.

ERG колледждер альянсы – бүкіл ел бойынша 23 колледж бен үш жоғары оқу орнын біріктіреді, оның ішінде Павлодарда 10 колледж және бір университет бар. «ERG Сервис орталығы» ЖШС-нің әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Олжас Мамырбаев кадрлар ұстаханасына айналған колледждердің маңызын атап өтті.

– Біз жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық  мамандықтарды таңдағанын қалаймыз. Биыл біз 737 студентті жұмысқа қабылдадық, екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 565 еді. Альянс құрамындағы оқу орындары – біз үшін басымдыққа ие, – дейді Олжас Мамырбаев.

ZAVOD FEST 2025 кәсіби өзін-өзін кәсіби тұрғыдан анықтауға арналған нақты платформаға айналды. Қатысушылар рекрутерлермен тілдесіп, бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктер туралы мәлімет алды, тіпті сол жерде жұмысқа орналасуға өтініштерін берді.

 «ERG Сервис орталығы» ЖШС-нің рекрутері Гүлмира Әбікеева жұмыс іздеушілерді Павлодар алюминий зауытына және филиалдарына орналастырумен айналысады. Ол зауыт қызметкерлерінің басты қасиеттерін атап өтті.

– Бастысы – тәртіп, жұмыс істеуге ынта және ұжымдық рух. Бізде дәнекерлеушілер, электромонтерлер және газ кесушілер сұранысқа ие. Әлеуметтік пакет, он үшінші айлық, кәсіподақтар демалыс ұйымдастырады. Егер адам басқа мамандықта өзін таппаса, медициналық тексеруден өтіп, өтінім бере алады. Бізде қайта оқыту бағдарламасы бар: корпоративті университет еңбекпен қамтуға кепілдік беріп, оқытады, – дейді рекрутер.

Фестивальге аймақ колледждері қатысты. Колледждер тәжірибемен бөлісіп, дуалды оқыту мен тұрақты жұмысқа орналасудың артықшылықтарын алға тартты.  

Павлодардың түсті металлургия жоғары колледжі – «Қазақстан алюминийі» АҚ стратегиялық серіктесі. Колледж директорының міндетін атқарушы Азамат Мүскенов ішкі еңбек нарығындағы жұмысшы мамандықтарының болашағы туралы айтты.

– Колледж тарихында 15 мыңнан астам маман дайындадық, біз алюминий зауытымен құрдаспыз. Басым бағыттар – токарлық, дәнекерлеу, слесарлық іс және түсті металлургия бағыттары. Студенттер бір мезгілде оқу және өндірістік тәжірибеден өтеді, бірден еңбекақы алып, жұмысқа орналасады. Мансап жолы жұмысшы қызметінен басталады. Соңғы 10 жылда студенттеріміздің 30 пайызы ERG компаниясына жұмысқа орналасты. Биыл колледж 191 студентті бітірді, 70-і зауытқа жіберілді. Зауыт өтінімі бойынша тағы үш топ қабылдауды жоспарлап отырмыз. Сұраныс тұрақты, – дейді Азамат Мүскенов.

Фестивальдің шынайы дауысын жұмысшылардың өздері шығарды. Солардың бірі – «Өндірістік саладағы еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталған Елдар Әбікеев. Ол тағдыры металлургиямен байланысты болатыны туралы ойламағанын жасырмады.

– Бұрын бухгалтер болдым, алюминий зауытының қайда орналасқанын да білмедім. Бір күні достарым шақырды. Трамвайға отырып, құбырлар тұрған жаққа бет алдым. Слесарь болып орналастым. Қасымда әрдайым қолдау көрсеткен тәлімгерлер болды. Марапатты күтпедім. Бұл кәсіби мереке құрметіне жасалған тосын сый болды. Демек, еңбегім бағаланған екен, – дейді Елдар.

Ұйымдастырушылар барлық келушілерге арналған шараларды ойластырды: студенттер бос орындармен танысты, жасөспірімдер фотоаймақтарда контент жасады, ал балалар «мамандықтар қалашығында» ойын форматы арқылы өз мамандығын тапты.

– Фестиваль қазіргі металлургияда жұмыс істеу  беделді, тұрақты және шынымен қызықты екенін дәлелдеді. ERG-дегі жұмысшы мамандықтар – жоғары технологиялы болашақтың бір бөлшегі болуға мүмкіндік. Біз кәсіби дамуға және әлеуетті ашуға кеңістік қалыптастырамыз, – дейді ERG өкілдері.

Алюминий дивизонының жоспарламен Владимир Красноярский бөлісті. Оның ішінде Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттерді орындау аясында сирек кездесетін металдардың өндірісін арттыру бар.

– Соңғы екі жылда алюминий дивизионы тұрақты өсім көрсетуде: 2022 жылы 1 миллион 380 мың тонна глинозем өндірілсе, биылғы жоспар – 1 миллион 540 мың тонна. Бірақ, біз бұдан да көп өнім ала алатынымызды білеміз. Бұл тұрғыда дивизионның барлық активтері өзіндік құнды азайту бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз тиімді бола түстік. Ал келесі жылғы жоспарларымыз бұдан да биік. Павлодар алюминий зауыты тарихы бар кәсіпорын болғанына қарамастан, бұл кедергі емес. Жаңа технологиялар мен олардың болашақтың шешімдеріне енгізуге дайындық бар. ERG тобы өндірістік дамуды қолдайды. Қазіргі уақытта Павлодар алюминий зауытында үш өндірістік жоба бар, олардың әрқайсысы түрлі деңгейде жүзеге асырылуда. Жобалардың қатарында – галлиді алу бойынша жаңа цехтың құрылысы. Бұл компания көздеген стратегиялық бағытын айқындап, президенттің сирек кездесетін металлардарды өндіру көлемін арттыру ойын растайды, – дейді Владимир Красноярский.

Галлий өндірісіне байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, өндірістік алаңдар дайындалуда. 

– Бұрын Павлодар алюминий зауытында бұл сирек кездесетін металл басқа технологиямен алынған, күрделірек, қымбатырақ және қышқылды пайдалану арқылы қауіпті еді. Жаңасы – қауіпсіз және шығын, сонымен қатар, экологиялық әсер ету тұрғысынан тиімді, – деп атап өтті «Алюминий зауыты» АҚ-ның бас директоры.

 Дивизионның ауқымды жоспарларының қатарында – FLSmidth компаниясымен бірігіп, зауыттағы негізгі тораптарының бірі қызыл шламды жуып қоюлау учаскесін жаңғырту жобасы бар. Бұл шешім технологиялық процестің тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір стратегиялық жоба – кальцинация пештерін жетілдіру. Кәсіпорында екі жаңа пеш салу көзделіп отыр, олар шығарындылар мен жылу тұтынуды айтарлықтай азайтады. Энерготиімділігі бойынша бұл пештер әлемдегі ең озық болып есептеледі. Олар қазіргі жұмыс істеп тұрған бес пештің орнын басып, кейін басқа мақсаттар үшін пайдаланылмақ.

Фестивальде қонақтар кәсіпорынның болашағымен танысып қана қоймай, Нұрлан Абдуллин, DEQUINE, DOSE сияқты танымал әртістер мен ERG қызметкерлері және павлодарлық колледж студенттерінің өнерін тамашалады.

Павлодар өзін өнеркәсіптік астана мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді: бұл жерде еңбек адамдары сұранысқа ие, жаңа технологиялар енгізілуде және ертеңгі күннің металлургиясы қалыптасуда.

Жарнамалық материал