Ақсуда тұрғын үй салуға екі есе артық қаржы жұмсалмақ болған

Ақсуда тұрғын үй салуға екі есе артық қаржы жұмсалмақ болған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрылыс бөлімі жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге тоғыз қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үй салуды жоспарлаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мәліметінше,  2023 жылы қарашада ұқсас құрылым 1,1 млрд теңгеге тұрғызылды. Бағаны қайта қарау нәтижелері бойынша құрылыстың жалпы құны 2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. 1,7 млрд теңгеге жоғарылатуға жол берілмеді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елімізде 30 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол бермеді. Агенттік құзыреті шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуына мониторинг  жүргізеді. 

Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.