Алтынбек Рахметов: Ertis promenade - теңдесі жоқ сахна
Ұйымдастырушылар Ertis promenade сахнасының ашылу концертіне қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертеңгі концертке соңғы дайындықтар өткізілуде. Ал жағажайдағы сахнаның ашылу салтанатын ұйымдастыратын республикалық концерттердің қоюшы режиссеры Алтынбек Рахметов.
- Бұл сахна Қазақстандағы теңдесі жоқ сахналардың бірі. Сахнаға кішкене өзгерістер енгіздік. Сонымен қатар, ертең жергілікті әншілер өздерін басқа қырларынан көрсететін болады. Биылғы сахналық маусымды біз «Махаббат бекеті» деп атадық. Себебі Ерке Есмахан мен Раймның танысуына себепші болған да осы сахна. Ал Еркешке келетін болсақ, оның қайын жұрты Павлодарда тұрады,- деді Алтынбек Рахметов.
Естеріңізге сала кетейік, ертең, яғни, 20 мамыр сағат 19:00-де Ertis promenade сахнасында маусымның ашылуына орай ауқымды концерт өткізіледі. Бұл шарада Ерке Есмахан, Райм, Еркеш Хасен өнер көрсететін болады.
Ал 21 мамыр күні сағат 19:00-де "Томирис" фильмі көрерменге жол тартады.
26 мамыр күні сағат 20:00-де "Халық дауысы" Халық радиосының музыкалық фестивалі өтсе, сенбі күні яғни 27 мамырда сағат 20:00-де "Jazz jamboree" джаз оркестрінің концерті болмақ.
Мамыр айының соңғы жексенбісінде сағат 20:00-де павлодарлықтар бас сахнадан "Тақиялы періште" фильмін тамашалай алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram