Павлодарда алғашқы қар түсті: қала көшелеріне 300-ден астам арнайы техника шықты

Павлодарда алғашқы қар түсті: қала көшелеріне 300-ден астам арнайы техника шықты
Фото: Ақмарал Есімханова

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, маусымның алғашқы қар жаууына байланысты қала көшелеріне 300-ден астам арнайы техника және коммуналдық кәсіпорындардың шамамен 250 қызметкері шықты. 

– Негізгі назар магистральды көшелерді, аялдама павильондарын, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тазартуға аударылып отыр – бұл көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажет, – деді әкімдікте. 

Ерекше басымдық қоғамдық көлік аялдамалары мен қаланың орталық көше-жол желісінің учаскелеріне берілген.

Қар қала сыртына шығарылады, ал жолдар мен тротуарлар көктайғақтың пайда болуын болдырмау мақсатында арнайы материалдармен өңделуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PN Pavlodar (@pavlodarnews.kz)