Павлодардан бірнеше ауылға дейін автобустардың бағыты ұзарды

Павлодардан бірнеше ауылға дейін автобустардың бағыты ұзарды

Өзгерістер ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Маршруттық желіні оңтайландырудың сынақтық режімі аясында, көлік қолжетімділігін талдау және азаматтардың жекелеген маршруттардың қозғалыс сызбалары бойынша өтініштерін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:

 № 21автобус маршруты  Кенжекөл ауылдық округіне қызмет көрсететін, келесі қозғалыс сызбалары бойынша жұмыс істейді:

21К маршруты — Теміржол вокзалынан Кенжекөл ауылына дейін жүреді;

21А маршруты — Теміржол вокзалынан Байдала және Долгое ауылдарына дейін жүреді;

21 маршруты — қолданыстағы сызба бойынша: Прибрежный шағын ауданынан Кенжекөл ауылына дейін қатынай береді.