Павлодарлық шебер Мәшһүр Жүсіптің мүсінін жасады

Павлодарлық шебер Мәшһүр Жүсіптің мүсінін жасады

Ғұламаның бюстін жасауға 40 күн уақыт кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

     «KSP Steel» компаниясының болат құюшысы Олег Поповтың айтуынша, ол бала кезінен нақыш сәулет өнерімен  шұғылданған. Бұл іс – оның  хоббиі.   Болат құю өнерін пионер лагерлерінде болғанда үйренген. Мәшһүр Жүсіп бюстін құю идеясын KSP stell  кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Орлов ұсынған және бұл идеямен кәсіпорын басшылығына шыққан. Басшылық  қолдау көрсеткен. Жобаның жетекшісі – Ермек Араловтың өзі.

   – Бірлескен күш-жігермен қаражат бөлінді. Жобаны дайындауға арналған бөлме әзірленді. Бюст 40 күн көлемінде қайың ағашынан өрнектеліп жасалды. Өнер туындысына  тіреуіш орнатылды. Сондай-ақ, оған ғұламаның Құран кітабы мен жеке құжаттары жасалды, – дейді бюстті әзірлеуші Олег Попов.

Мүсіннің биіктігі - 70 см, ені - 60 см, қалыңдығы - 60 см. Бұл дайындаманың массиві. Тірек бағанының биіктігі - 120 см, ені - 65-тен 65 см-ге дейін.   

Жұмысты бастамас бұрын шебер бюсттің қай жерде тұратынын түсіну және зиярат ету үшін Баянауылдағы Жаңажол ауылындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барған. Кесене басында оларды ақ дастархан жайып, қонақжайлылықпен қарсы алған, молда бастағалы жатқан ісіне батасын берген.

   

     Шебердің айтуынша, эскиздер әзірленген соң бастапқыда жоспарланғандай пластилиннен көшірме жасалған.  

      –  Жетекшім Ермек Аралов «уайымдауға негіз жоқ, қам жеме, атаның аруағы бізге көмектеседі» деп сендірді. Шынымен де солай болып шықты. Біздің қорқынышымыз бекер болды. Абырой болғанда, жұмысымызды тез аяқтадық. Маған модельдік цехтың қызметкерлері, атап айтқанда, ағаш ұстасы Николай Барышников көмектесті. Ол бюст жасауға қажетті заттарды  дайындады. Жұмыс істеу қызықты болды. Өйткені әр жұмыс жаңа және қызықты нәрсені қамтиды, – дейді ол.

     Батаның шынымен де  көмегі тиіп, жұмыс ойдағыдай жүзеге асырылған әрі  ұйымдастырушылық сәттер  тез шешілген. 

    – Қолға алынған іс қас пен көздің арасында аяқталды. Оңай өткеніне  өзім таң қалдым. Айтылған мерзімге дейін  жете алмаймын деп уайымдадым,– деп атап өтті Олег Попов.

     Айта кетер жайт, бұған дейін Олег нақыш сәулет өнері бойынша  2014 жылы Алматыда «Нұрбанк» өзінің музейін ұйымдастырған кезде  «KSP Steel» зауыты үлес  қосқан.  

   – Зауыттың директоры маған мұражай үшін жұмыс істеуді ұсынды және  «Абай жолы» тақырыбын таңдаған. Осы тақырыпта 2,5 жыл бойы жұмыс істедім. Қазір ол Алматы қаласындағы Каспий мұражайында фойеде тұр. Сондай-ақ өзімнің жасаған Орбұлақ шайқасы жұмысым ерекше есімде. Ол Алматыда Нұрбанк мұражайында орналасқан. Алдағы уақытта Қазақстан халқының мәдени ерекшелігін сақтауға өз үлесімді қосқым келеді,– деді ол.

    Болат құюшы өз қызметінде қандай тапсырыс пен ұсыныс болса да, болашақта өзінің шығармашылық қызметін дамытқысы келетінін айтты. Алдағы уақытта өзгелермен өз шығармашылығымен, білімімен және қабілетімен бөліспек ойда.