Павлодарлық волонтерлер орталық стадионды ретке келтірді
Белсенділер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдайды, деп хабардайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тазалық акциясы павлодарлық «Ертіс» командасының қатысуымен өткен футбол матчынан кейін ұйымдастырылды. Волонтерлар матчтан кейін стадионда қалып, аумақты тазалап, қаланың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық айлығында жасалған бұл жұмыстар жастардың қоғамдық істерден шет қалмайтынының тағы бір көрініс болды.
Туған қаланың тазалығына қамқорлық – бұл әркімнің жауапкершілігіндегі міндетті іс.