Успенде төрт жылдан кейін субұрқақ іске қосылды
Орташа жөндеу жұмыстары облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Субұрқақты жөндеу барысында су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, ішкі және беткей жақтарына плитка төселді, сорғы қондырғылары орнатылды.
Қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жалғасуда, сондықтан шектеулі жиілікте жұмыс істейді. Барлық жұмыстар аяқталған соң субұрқақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:30-ға дейін жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы абаттандыру бағдарламасы бойынша басқа да жобалар жүзеге асырылмақ. Успен ауылындағы Гагарин көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу және Гоголь көшесіне балалар ойын алаңдарын орнату жоспарда бар.
Аудан әкімшілігі субұрқақтың неліктен төрт жылдан бері жөнделмегені туралы айтты.
– Субұрқақты қалпына келтіру жобасы сонау 2021 жылы әзірленді, бірақ іске асыруға бюджеттен қаражат бөлінбеген. Жобаны іске асыруға биыл ғана мүмкіндік туды, – деді әкімдіктің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, жақында Успенде бассейн пайда болады. Жоба әзірленді, қаржыландыруды күтуде.