Ұлттық банк "Tемірбек Жүргенов.125 жыл" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды
Ұлттық банк 24 шілдеде "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай шығарылды. Т. Жүргенов – Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Оның атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте бастау алды.
"TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL монетасы МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм, дайындау сапасы - brilliant uncirculated, номиналы - 100 теңгелік, таралымы - 10 000 дана. Коллекциялық монеталар ҚР бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сонымен қатар елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады", - делінген хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Монеталар 26 шілдеден бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.