27 маусымда Павлодар облысында сынап бағанасы +36 градусқа дейін көтеріледі

27 маусымда Павлодар облысында сынап бағанасы +36 градусқа дейін көтеріледі
Фото: Константин Шелков

Синоптиктер өңірде ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын болжады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түнде ауа температурасы +20…+22 градус болады. Күндіз сынап бағаны +34…+36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады.