Биыл Павлодар облысында мемлекеттік гранттар беруге 82 млн теңге бөлінген
Облыс орталығында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі форум өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Достық үйінде өткен форумға облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожиновтың қатысты. Шараны Павлодар облысының әкімдігі, прокуратурасы және кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
«Қазақстандықтардың әл - ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысында 220,1 миллиард теңге сомасына 38 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 1 500-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады», - деді форумда өңірдің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Нұрқымбаев.
Тағы бір жоба – Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 376 жоба мемлекеттік қолдауға мақұлданды.
С.Нұрқымбаев қаржылай қолдау алған бірнеше жобаны атады. Мысалы, «Ремонт животных» ЖШС (Павлодар облысына танымал мал дәрігері Анна Бахарева). Сегіз жыл бойы Анна Бахарева ветеринариялық қызметтердің кең спектрін көрсетуге көмектесетін жоғары білікті мамандар тобын жинады. Сәуір айында мүлік сатып алынды, онда «VetMed» ветеринарлық орталығы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында субцидиялау есебінен несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылдық сегіз пайызға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, несие сомасының 29 пайызына «Даму» қоры кепілдік берген. Қазір «VetMed» клиникасы сертификатталған бөлмелермен және барлық қажетті жабдықтармен жұмыс жасайды.
2021 жылдан бастап Павлодар қаласында «MUSE» ЖК жұмыс істейді - әртүрлі оқу бағдарламалары бар балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтарын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін қыш шеберханасы. Цехты жаңадан бастаған жас кәсіпкерге мемлекеттік қолдау мен «Даму» қоры көмектесті. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2022 жылы кәсіпкер құрал-жабдық алуға қаражат алды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме жылдық 21 пайызды құраса, оның 15 пайызын мемлекет субцидиялайды. «MUSE» ЖК несиеге ішінара кепілдік беру түріндегі қолдауды да пайдаланды. Кепілдік 17 млн теңгені құрады (несие сомасының 85 пайызы).
«2023 жылы мемлекеттік гранттар беруге 82 млн теңге бөлінді. Өтініштер 1 маусым мен 5 маусым аралығында қабылданады», - деп қосты Сағыныш Нұрқымбаев.
2023 жылы жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге 6 жобаны іске асыруға 2 429,6 млн.теңге бөлінді. Бұл қолдауды Ақсу қаласындағы «Бастаушы-AGRO» ЖШС 502,2 млн. теңгеге, сол жердегі «КХ «Лидер PVL» ЖШС 998 млн., Ертіс ауданындағы «KM Ertis Agro» ЖШС 866,4 млн. миллион теңгеге (үш фирма да – суару үшін коммуникацияны дамытуға), «Ербол» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуға – 17,3 млн. теңгеге, бидай ұнын өндіруге «Ұлан» шаруа қожалығы – 24,1 млн. теңгеге және «TROYA» ЖШС серіктестігі жиһаз бұйымдарының өндірісін кеңейтуге – 21,9 млн. теңгеге.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 2023 жылы жоспар бойынша 1250 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1 862 адам оқытылды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында бастапқы бизнесті дамытуға 400 айлық есептік көрсеткішке дейін 129 грант берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлығы 463 грант беру жоспарлануда», - деп атап өтті спикер.