Павлодар облысында фермерлер 1,5 млн тонна шөп дайындады

Павлодар облысында фермерлер 1,5 млн тонна  шөп дайындады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шаруа қожалықтары жоспар бойынша бір жарым жылдық қор түзуі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 1,5 млн тонна шөп дайындалды. Өңірдегі шаруа қожалықтары жоспар бойынша бір жарым жылдық қор түзуі керек. Жоспарға сүйенсек, бұл — 1 млн 823 мың тонна. Ертіс өзені жайылмаларындағы шабындықтардың тек жартысы ғана шабылады деп болжанып отыр. Себебі, шөп қырда да жақсы шыққан.

Еске сала кетейік, Ертіс өзенінің тағы тасуы мүмкін.  Соған байланысты жайылмалардан мал азығын дайындайтын шаруаларға шөпті ертерек қамдап алуға кеңес берілген. Дегенмен, тамыз айының соңы мен қыркүйектің алғашқы жартысы жаңбырлы болып, шөп жабу жұмыстары тұрып қалды. Тек соңғы апталарда ғана фермерлер шалғыларын шабындықтарға қайта түсіріп, науқанды жалғастырды.