Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі ашылды

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл мектепте өңір тұрғындарына пара алуға жол бермеуді үйретеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2021 жылғы қаңтардан бастап квазимемлекеттік сектор қызметкерлері сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызылады.

Ұйымдардың басшылары егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер ұйым мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын нақты қамтамасыз етпесе, бұл тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, ауыр әрекеттер болған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де  әкелуі мүмкін екенін түсінуі тиіс, – деп  еске салады облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссары Данияр Кәукенов.

Спикер «Қазпошта» АҚ-ға қатысты істі мысал ретінде келтірді. Биылғы жылы пара үшін компанияның аймақтық филиалы директорының орынбасары айыпталған. Ол мердігер ұйым өкілінен екі миллион теңге алған. Оның орнына директордың орынбасары филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға уәде берген. 

Сондай-ақ Данияр Кәукенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі – ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тосқауыл қоюдың тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл – ұзақ мерзімді жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі кешенді жоба.

– Комплаенс-офицерлер – бұл жаңа мамандық, – деп нақтылады заң ғылымдарының кандидаты, «Kazakhstan Bar Association» комплаенс комитетінің төрағасы Ольга Сафонова. – Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші мектебін өткіземіз.

Комитет төрағасының айтуынша, оқыту семинарында комплаенс-офицерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сенім телефондарын енгізуге, процестердің ашықтығын жасауға, сондай-ақ өз қызметтік жағдайын теріс пайдаланбауға үйретеді. Мектептер орбитасына Алматы, Астана, Өскемен, Павлодар, Қостанай кірді.

– Бұл – дәрістер емес, кәсіби мамандардың пікірталасы, интерактивті қарым-қатынас, – деп атап өтті Ольга Сафронова. – Біз өз тәжірибемізбен, соның ішінде халықаралық тәжірибемізбен бөлісеміз, қатысушылар өз проблемалары туралы айтады.

Солардың бірі – кадр мәселесі. Көптеген кәсіпорындарда комплаенс-офицер лауазымы біріктірілген. Мысалы, оны бухгалтер орындайды. Бірақ олай болмауы керек.

Өңірде комплаенс-қызметтер квазимемлекеттік сектордың 365 ұйымында жұмыс істейді.