Павлодар облысында теміржол маңында мал баққан мыңнан аса адам жазаланды

Павлодар облысында теміржол маңында мал баққан мыңнан аса адам жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Теміржолда мал, бөгде заттар мен адамдардың өтуі пойыз қозғалысына үлкен қауіп төндіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері 559-баптың 1-5-бөлімдерін бұзғаны үшін 1290 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы уақыт ішінде Павлодар облысында пойыздар 17 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болып, 15 мал басылған. Тағы 2 жағдайда мал жолдан аман-есен өтіп үлгерген.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабына сәйкес, малды рельстерден 300 метр алыс жерде байлап, ал 2000 метр қашықтықта тұрақты бақылаумен жаюға рұқсат етіледі. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда мал иелері 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде ережені қайталап бұзу – 10 АЕК-ке (39 320 теңгеге) дейінгі айыппұл салуға әкеледі, – деп ескертті ведомствода.

Желілік полиция өкілдері тұрғындарды теміржол маңында малды қадағалаусыз жаймауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.