Павлодарлық кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде
Палата ұжымы Жалаулы ауылында 14 отбасына ақша салынған хатқалталарды тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаражатты кәсіпкерлер, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы салалық кеңестерінің мүшелері және палата қызметкерлері жинады.
Жалаулы ауылындағы сол отбасыларға кәсіпкерлер сатып алған 14 азық-түлік себеті мен 14 қорап сабын жуғыш зат табысталды.
– Бізді бір апта бойы су басып жатыр, бірақ қазірде су жарты метрге кетті. Бізге гуманитарлық көмек әкелінген болатын. Сізге де көп рахмет, – деп бөлісті Жалаулы ауылының тұрғыны Надежда Кекина.
Ауылға келген кезде Жалаулыға жақындаған жол су астында қалып тұрды, «Атамекен» қызметкерлері мен кәсіпкерлері бар көліктер екі учаскеде тікелей су арқылы келе жатты. Көптеген үйлерде әлі де су болды.
– Біз сіздермен жеке кездесуге, бизнестен көмек беруге, сіздерді моральдық жағынан қолдауға келдік, – деді ауыл тұрғындарына облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Ол ауыл тұрғындарына жақын арада су кетеді, тұрғын үйлер ретке келтіріледі және болған жағдай қайталанбайды деген үмітін білдірді.