Павлодарда салық төлеушілердің қосымша қабылдауы жаңа мекенжай бойынша өтеді

Павлодарда салық төлеушілердің қосымша қабылдауы жаңа мекенжай бойынша өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар жылдам және кезексіз қызмет беруді уәде етеді, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары азаматтарды қосымша қабылдауды Ген.Дүйсенов көшесі, 80 мекенжайындағы  суперХҚКО ғимаратында ұйымдастырады.

Олар күн сайын сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін салық салу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салығы бойынша салық міндеттемелерін орындауы мәселелер бойынша кеңес береді.