Павлодарлықтарды билетпен кинотеатрға кіргізбеді

Павлодарлықтарды билетпен кинотеатрға кіргізбеді
Фото: Tima Miroshnichenko

Кәсіпкер жазаға тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық тұрғын қала кинотеатрларының бірінен ticketon.kz онлайн платформасы арқылы фильмге билет сатып алған. Виртуалды билеттер құны 2 200 теңге тұрды. Павлодар тұрғыны өзіне және жұбайына екі билет алып, 4 400 теңге төлеп, кинотеатрға келіп, сүйікті фильмін тамашалауға келді.

– Бірақ ол билеттерді алдын ала басып шығару керектігімен, бұл туралы алдын ала ескерту болмағанымен түсіндіріп, оларды киноға кіргізгей қойды, – дейді Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірова. – Осылайша, қызмет көрсетілмеді. Жәбірленуші кинотеатрдан 4 400 теңге материалдық шығынды және 490 600 теңге моральдық шығынды өндіру туралы жазбаша талап арызбен жүгінген.

Кәсіпкер тұтынушының талабын қанағаттандырмай, содан кейін департментке хабарласқан. Тексеру нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылды.

Ағымдағы жылдың бес айында департамент қызметкерлері 727 өтінішті қараса, 2024 жылдың сәйкес кезеңіне – 658. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жыл басынан бері 144, 2024 жылдың сәйкес кезеңіне – 82 тексеру жүргізілді. Тексерулер саны 756 пайызға артқан. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңын бұзудың 88 фактісі анықталды.